Ақтөбеде таныс әйелді кепілге алып, ата-анасын өлтірген: күдіктіге қатысты тың мәлімет жарияланды

0
119

​Екі адамды өлтіру дерегі бойынша қылмыстық тергеу аяқталды.


Ақтөбеде таныс әйелді кепілге алып, ата-анасын өлтірген: күдіктіге қатысты тың мәлімет жарияланды

Фото: instagram.com/aktobe_live/

ERNUR.KZ. Ақтөбе қаласында ер адам танысымен жанжалдасып қалғаннан кейін оның анасы мен өгей әкесін өлтіргені анықталды. Ал танысын қамауда ұстаған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оқиғаға қатысты облыстық прокуратура тергеу жүргізді.

«Арлан» арнайы бөлімшесінің жедел әрекеттерінің нәтижесінде жәбірленуші босатылып, күдікті оқиға орнында ұсталды.

Облыс прокуратурасымен іс ерекше бақылауға алынып, процестік прокурорлар тобы тағайындалды.

«Күдіктіге ҚК-тің 99-бабының 2-бөлігінің 1,3,5 тармақтары (екi немесе одан көп адамды өлтіру), 126-бабының 2-бөлігінің 3,4 тармақтары (өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолдану арқылы заңсыз бостандығынан айыру) және 107-бабының 1-бөлігі (денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру), яғни екі немесе одан көп адамды аса қатыгездікпен өлтіру, сондай-ақ күш қолдану арқылы бостандығынан заңсыз айыру баптары бойынша айып тағылды.
Сотта мемлекеттік айыптауды процестік прокурор қолдайтын болады», - делінген прокуратура хабарламасында.

Айта кетейік, осыған дейін Ақтөбеде қылмыскер қорада кепілге алған екі адам қаза тапқаны хабарланған болатын. Біреуі ауруханаға барар жолда, ал екіншісі операция үстелінде көз жұмған.