Ақтөбеде тұрғындары 42500 теңге алу үшін бос жұмыс орындарынан бас тартты

0
846

Ақтөбеде 5 мың бос жұмыс орны бар.


Ақтөбеде тұрғындары 42500 теңге алу үшін бос жұмыс орындарынан бас тартты

ERNUR.KZ. Ақтөбеде тұрғындар мемлекеттен көмек алу үшін бос жұмыс орындарынан бас тартты, деп жазады Stan.

Қалада 42500 теңге алу үшін ұзын сонар кезекте тұрған халықтың қарасы көп. Ақтөбеде 20 мыңнан астам адам 42 500 теңгенің төлемін алуға жүгінді. Алайда, қалада жұмысшы тапшылығы байқалуда. Ресми түрде Ақтобеде 1800 адам ғана жұмыссыз ретінде тіркелгенімен, жұмысы барлар да жәрдемақыға өтініш берген.

"Жұмыспен қамту орталығы жалақысы төмен жұмыс ұсынады. Бұл қаражат тамаққа және үй ақысына жетпейді. Қара жұмысшы қызметін өзім тауып, орналастым. 10 жыл тәжірибем бар. Бұл уақытша жұмыс. Иә, бірақ айына 150 мың теңге табамын", - дейді қала тұрғыны Бауыржан Шамшаев.

Ақтөбеде 5 мың бос жұмыс орны бар. Қалада дәрігерлер, құрылысшылар және қара жұмысшылар тапшы. Алайда жұмыспен қамту орталығының қызметкері Әсемгүл Өскенбаев халық 42500 теңге алу үшін ұсынылған жұмыстан бас тартып отырғанын айтады. Халық мемелекеттік көмекті алу үшін күнде жиналады.

"Қара жұмысшының жалақысы 85 мың теңгеден басталады. Көбі мемлекеттік көмек алу үшін бас тартып жатыр. Біз барлығын түсіндіреміз, алайда тыңдамайды. Халық 42500 теңге жәрдемақы алғысы келеді", - дейді Әсемгүл Өскенбаев.

Жұмыссыз қалғандардың бірі Асхат Халеуов 42500 теңге ештеңеге жетпейді, бұрын 300 мың жалақы алатын едім деп шарасыздық танытып отыр.

"Мұндай уақытта жұмыссыз қалу деген өте қиын. Қазір жұмыс іздеп жатырмын. Бір апта бұрын қысқартуға түсіп қалдым. 300 мың жалақы алып үйреніп қалғанмын. 42500 теңгеге үмітті де емеспін. Өйткені оған ештеңе ала алмайсың ғой", - дейді Асхат Халеуов.