Ақтөбеде жантүршігерлік жол апатынан 4 адам мерт болды

0
110

Оқиға Ақтөбе-Орск тасжолында болды.


Ақтөбеде жантүршігерлік жол апатынан 4 адам мерт болды

Фото: Ақтөбе облысы ПД

ERNUR.KZ. Қарғалы ауданы Қосестек ауылында жеңіл және жүк көлігі соқтығысты. Полиция оқиға орнына барып, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп жазады inbusiness.kz.

— Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Opel маркалы жеңіл автокөліктің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, DAF маркалы жүк көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, — деді Ақтөбе облыстық ПД бастығының орынбасары Ардана Саймағамбетов.