​Ақтөбеде жоғалып кеткен қыз жалдамалы пәтерден табылды

0
1 251

Түнде қызды полиция қызметкерлері Ойыл полиция бөліміне жеткізіп, кейін ата-анасына берілді.


​Ақтөбеде жоғалып кеткен қыз жалдамалы пәтерден табылды

ERNUR.KZ. Ақтөбеде жоғалып кеткен қыз бала аман-есен табылды, деп жазады ҚазАқпарат .

"2 мамырдан 3 мамырға қараған түні сағат 01:30-да іздеуде жүрген Аружан Қанатова табылды. Ол ата-анасымен ұрысып, Ойыл ауданынан Ақтөбе қаласына кетіп қалған. Содан ешкімге хабарласпаған. Іздеу жұмыстарына полициямен бірге еріктілер де қатысты. Ол Ақтөбе қаласы Тургенев көшесіндегі жалдамалы пәтерлердің бірінен табылды. Түнде полиция қызметкерлері Ойыл полиция бөліміне жеткізіп, кейін ата-анасына берілді", - деді Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Айта кетейік,

1 мамыр күні жасөспірім қыз жоғалып, іздеу жарияланған болатын. 1