​Тоқаев 300 мың қол жинап, президенттікке кандидат ретінде тіркелді

0
1 180

Ол Қасым-Жомарт Тоқаевты Президенттікке кандидат ретінде тіркеу үшін барлық тиісті құжаттар ОСК-ға ұсынылғанын және қойылған талаптарға толығымен сәйкес екенін атап өтті.


​Тоқаев 300 мың қол жинап, президенттікке кандидат ретінде тіркелді

ERNUR.KZ. Орталық сайлау комиссиясы ҚР президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық құжатын тіркеп, оның сенімді өкілі Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевқа куәлік берілді, деп жазады BAQ.KZ.

ОСК хатшысы Сәбила Мұстафина 23 сәуірде Nur Otan партиясы қоғамдық бірлестігі Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты ҚР президенттігіне кандидат ретінде ұсынуына байланысты ОСК-ға оның келесідей тиісті құжаттарын ұсынғанын айтты.

«Nur Otan партиясы қоғамдық бірлестігінің жоғары органының Тоқаевты президенттікке кандидат ретінде ұсыну жөніндегі мәжілістің Nur Otan партиясының Әділет министрлігінде тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі қоса берілген хаттамасынан үзінді; президенттікке кандидат ретінде дауыс беруге түсуге келісім бергені туралы Тоқаевтың өтініші, өмірбаяндық деректері; сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжат және кандидаттың мемлекеттік тілді меңгергенін анықтау негізінде ОСК 2019 жылдың 25 сәуірдегі №16/244 қаулысымен президенттікке кандидат Тоқаевтың Конституцияға және «Сайлау туралы» Конституциялық заңында қойылған талаптарға сәйкестігі белгіленіп, қол жинау парақтары берілді», - деп мәлімдеді ОСК хатшысы.

ОСК-ға кандидатты тіркеу үшін келесі құжаттар ұсынылған:

- Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың кірістері мен мүлкі туралы декларация жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;

- кандидатты тіркеуге кедергі келтіретін аурулардың жоқтығы туралы медициналық қорытынды;

- облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың аумақтық сайлау комиссияларының азаматтардың президенттікке кандидат Тоқаевты қолдап жиналған қолдарын тексерудің нәтижелері туралы хаттамалары.

«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың аумақтық сайлау комиссияларының хаттамаларына сәйкес кандидат Тоқаевты қолдап барлық 17 өңірден 315 910 азаматтық қол жиналды, оның ішінде рас деп танылғаны – 313 653. 2019 жылы 15 сәуірдегі №13/237 ОСК қаулысымен анықталған ҚР президенттігіне кандидатты қолдап жиналған рас қолдардың қажетті саны 118 140-тан кем болмауы тиіс», - деді Сәбила Мұстафина.

Ол Қасым-Жомарт Тоқаевты Президенттікке кандидат ретінде тіркеу үшін барлық тиісті құжаттар ОСК-ға ұсынылғанын және қойылған талаптарға толығымен сәйкес екенін атап өтті. ҚР президенттігіне кандидат ретінде тіркеу үшін «ҚР Сайлау туралы» Конституциялық заңының 59-бабы, 5-тармағында көзделген құжаттардың ұсынылғаны туралы ҚР ОСК хаттамасы негізінде ОСК қаулысымен Тоқаевты 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлануына кандидат ретінде тіркеп, кандидатқа тиісті куәлік берілді. Кандидатқа «Халық жинақ банкіне» арнайы уақытша шот ашу үшін тіркелу туралы мәліметтер беріледі. БАҚ-қа кандидат Тоқаевты тіркеу туралы ақпараттық хабарламаны жариялау белгіленді.

Отырыс соңында ОСК төрағасы Берік Мәжитов өз қолымен кандидаттың сенімді өкілі Мәулен Әшімабевқа тиісті куәлік табыстады.