Келіншек сіңілсінің үйінен шыққан соң хабарсыз кеткен.
ERNUR.KZ. Ақтөбе қаласында 32 жастағы Динара Зарипова жоғалып кетті. Жүкті келіншек үйінен шығып кетіп, бір аптадан бері оралмаған, деп жазады ҚазАқпарат.
«Апам Динара Зарипова 5 наурыз күні үйден шығып кетіп, оралмады. Үш баласы бар. Жолдасымен арада ешқандай ұрыс-керіс болмады. Ешқашан үйден кетіп, хабарсыз қалмап еді. Бірінші рет тіркеліп тұрған соң полицияға арыз жазып, көмек сұрадық. Ауылда тұратын еді. Маған және ата-енесінің үйіне баратын. Үлкені 5 сынып оқиды. 6 және 2 жаста балалары бар. Қазір төртінші баласына жүкті. Сол күні кешкілік менің үйімнен шығып кетіп, хабарсыз қалды», - дейді сіңлісі Гүлмира Зарипова.
Қазір еріктілер іздеу жұмыстарына кірісті. Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі 8-наурыз күні арыз түскенін, іздеу жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады.