Ақтөбедегі әскери бөлімде қаза тапқан сарбаздың анасы видеоүндеу жасады

0
223

Актөбедегі әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызметтегі сарбаз қаза болды.


Ақтөбедегі әскери бөлімде қаза тапқан сарбаздың анасы видеоүндеу жасады

фото: instagram/aqtobe_sergek

ERNUR.KZ. Актөбедегі әскери бөлімдердің бірінде постта қайтыс болған сарбаздың анасы оны өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізді деген нұсқаны таратпауды сұрады. Ирина Боровецтің видеоүндеуі aqtobe_sergek парақшасында пайда болды, деп жазады tengrinews.kz.

"Менің ұлым сәуірден бері Актөбеде әскери борышын өтеді. Кеше қайғылы жағдай болды. Борышын жақсы өткеріп жатқан. Оны ешкім ренжіткен жоқ, ешқандай қиындық болған жоқ. Үнемі хабарласып тұрды, бәрі жақсы еді. Қазір тергеу жүріп жатыр, бәрін анықтайды деп үміттенемін. Сондай-ақ, оны өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізді деген нұсқаны таратпауларыңызды сұраймын. Сот-медициналық сараптама алдында ұлымды көрдім - көгерген, ұрған іздер жоқ", - деді сарбаздың анасы.

Бұған дейін Актөбе гарнизонының баспасөз қызметі Актөбедегі әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызметтегі сарбаздың қаза болғаны туралы хабарлама таратқан еді.

"2023 жылдың 23 қарашасында Актөбе гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінде күзет қызметін атқару кезінде мерзімді қызметтегі әскери қызметші бекітілген қарудан оқ ату арқылы суицид жасады", - делінген хабарламада.

Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Қылмыстық іс қозғалды, тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды, деп қосты баспасөз қызметі.