Табылған екі қарудың бірі ұрланған екен.
ERNUR.KZ. Атырау облысы тұрғындары Ақтөбедегі моншалардың бірінде атысты. Біреуінің басына оқ тиіп, бүгінде ауруханада жатыр, деп жазады sn.kz.
Жедел іздестіру кезінде Атырау облысынан келген екі азамат ұсталды. Анықталғандай, атыс болған күнге дейін олар пәтер жалдап тұрған. Ол үйден табылған екі қарудың бірі Мақат ауданда ұрланған екен.
Оқиға бойынша «адам өлтіруге оқталу» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды. Олардың неліктен мұндай әрекетке барғаны анықталып жатыр.