Аман қалған жәбірленушілердің жағдайы белгілі болды.
ERNUR.KZ. Ақтөбедегі "Тау" демалыс базасындағы апаттың бейнежазбасы жарияланды, деп жазады stan.kz.
Жүргізуші жеті адамды қағып, оның біреуі мерт болған еді. Қалған алты адамның жағдайын дәрігерлер айтып берді.
Бесеуі балалар ауруханасына түсті. 17 жастағы жәбірленушінің оң аяғының жұмсақ тінінің көгерді. Оны қабылдау бөлмесінде тексеріп, қажетті көмектер көрсетілген.
“Ең ауыр жарақатты 16 жастағы қыз алды. Оның оң жамбасы сынып, жабық миының жарақаты мен өкпенің көгеруі байқалды. Жағдайы ауыр. Тағы бір 16 жастағы қызда мидың жабық жарақаты мен өкпенің көгеруі байқалды. Оның миы шайқалып, төменгі жағы сынған. Жағдайы орташа”, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
1,5 жастағы бала жабық ми жарақатын алды. 5 жасар баланың маңдайы мен төбесі көгерген.
Барлығы ем алуда.
49 жастағы жәбірленушінің жіліншік сүйектері сынған. Ол жедел жәрдем көмегі ауруханасында ем алып жатыр.
Естеріңізге салсақ, осыған дейін Ақтөбеде демалыс базасында 2007 жылғы жүргізуші қармен жүретін көлікте жеті адамды қағып кеткені хабарланды.