Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Құттыкөл ауылында жас жігітті құтырған мысық тырнап алды. Ол қазір емделіп жатыр, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
фото: inform.kz
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Құттыкөл ауылында жас жігітті құтырған мысық тырнап алды. Ол қазір емделіп жатыр, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ақтөбеге көктем келгенде үй жануарынан құтыру ауруы анықтала бастады. Ветеринарлар көктем келіп, жабайы аңның ауылға жақындайтын кезінде мұндай оқиғалар тіркелетінін жасырмады. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ырғыз ауданында Болат Жолдыбаевты құтырған мысық тырнап алған болатын. «Ырғыз ауданының Құттыкөл ауылында мысық құтырма ауруына шалдыққан. Жас жігіт үйінен шыққан кезде мысық ұмтылып, оның қолынан тырнап алды. Үй жануарын ұстап алмақ болғанымен, одан түк шықпады. Сондықтан өлтіріп тастаған. Өлі денені тексеру кезінде құтырма ауруы анықталды. Шектеу ауыл әкімінің ұсынысымен қойылады. Бір көшеге ғана шектеу қойылып, вакцина егіледі» ,- деді Ақтөбе облыстық ветеринария басқармасының басшысы Кеңес Қанадбаев. Айта кетейік, ақпан айының басында ауыл тұрғынын мысық тістеп, тексеру жұмыстары 21 ақпанда аяқталған. Қазір ауыл әкімі шектеу қою туралы шешім шығарып жатыр.