Бұл талап 2025 жылғы қыркүйектен бастап орындала бастайды.
ERNUR.KZ. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов айтты, деп жазады baq.kz.
Бұл талап 2025 жылғы қыркүйектен бастап орындала бастайды. Бұл дегеніміз, мысалы, егер өткен қыркүйектен бері алаяқтар біреудің атына несие рәсімдесе, онда жауапкершілік азаматқа емес, банктің өзіне жүктеледі.
Бұл жаңалықты Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов өз парақшасында жазды.
Біздің ұсынысымыз қабылданды. Енді 2025 қыркүйегінен бастап биометрия дұрыс өтпей рәсімделген алаяқтық несиені банк өз есебінен жабады, - деп Мұрат Әбенов.
Бұған дейін белгілі болғандай, Қазақстанда тұтынушылық несиеге жаңа шектеулер енгізіледі.
Журналистердің сұрағына жауап берген Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова қазақстандықтар не үшін кредит алады деген мәліметті жариялауға дайын екенін айтты.


