Денсаулық сақтау министрі отандық вакцинаны тікелей эфирде салдырды.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алғашқылардың бірі болып коронавирусқа қарсы отандық QazVac вакцинасын салдырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Тікелей эфир Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook желісіндегі парақшасында жүргізілді.
«Вакцинаның алғашқы партиясы Биологиялық қауіпсіздік мәселелер жөніндегі институтта 50 мың дозамен өндірілді. Институтымыз вакцинаны дербес өндіруге мүмкіндігі бар. Қазақстанда өндірілген дозалар барлық өңірлерге жіберілді. Мұнан ары өндірісті ұлғайта түсу үшін түрлі алаңдарды қарастырып жатырмыз. Бұл - түрік серіктестеріміздің алаңы. Сонымен Гвардейскийде өзіміздің зауытты салу үстіндеміз. Қазір ол мұнан ары іске қосу үшін құрал-жабдықтарын орнатудың барлық кезеңінен өтіп жатыр», - деді Алексей Цой тікелей эфирде QazCOVID-in вакцинасын алғаннан кейін «Хабар 24» телеарнасы тілшісіне берген сұхбатында.