Алексей Цой вакцинация қарқыны төмен 9 өңірді атады

0
346

Аталған өңірлерде вакцина алғандар саны орташа республикалық көрсеткіштен төмен.


Алексей Цой вакцинация қарқыны төмен 9 өңірді атады

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой еліміздің бірқатар өңірінде тұрғындарды коронавирусқа қарсы вакциналау көрсеткіші төмен екенін айтты, деп жазады Azattyq Rýhy.

Министрдің айтуынша, Маңғыстау, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарында 1-компонент вакцина алғандар саны орташа республикалық көрсеткіштен төмен.

«Қазақстан аумағында «Үнді» штамының таралуының анықталғандығын ескере отырып, өңірлердегі эпидемиологиялық тұрақтылықты ұстап тұру үшін жергілікті атқарушы органдар вакцинация қарқынын арттыруы және халық арасында тезірек вакцина алу қажеттігі, маска режимі, әлеуметтік арақашықтық сынды негізгі алдын алу іс-шараларын сақтау керектігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейтуі тиіс», - деді министр.

Одан бөлек, ведомство басшысы коронавирустың «үнді» штамын жұқтырғандарды ауруханаға жатқызу ықтималдығы жоғары екенін айтты.