​Әлішер Кәрімов пен Әміре "Голос" шоуының финалына өтті

0
716

Жеңімпаз 30 желтоқсанда анықталады.


​Әлішер Кәрімов пен Әміре

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Қазақстандық танымал әншілер Әлішер Кәрімов пен Amre деген атпен танымал Ернар Садырбаев "Голос России" шоуының финалына шықты, деп жазады Stan.kz

Дима Биланның командасында өнер көрсеткен Әміре Ильхом Тагировпен бәсекеге түсті.
Сахнада Ернар Садырбаев "Подбери музыку" композициясын орындады (мәтін авторы Андрей Вознесенский, композитор Раймонд Паульс).
"Керемет вокалдық мүмкіндіктеріңіз бар.Таң қалудан шаршамаймын. Сіз ең қиын, ең жоғары және ең ыңғайсыз ноталарды еркін аласыз. Барлығы анық. Керемет, дауысыңызға сөз жоқ", - деді Леонид Агутин.
"Ернар, біраздан бері мұндай дауысты естімеген едім. Әдетте адам осындай жоғары ноталарды алған кезде, мен қорқамын. Қазір бір нәрсе болуы мүмкін деп ойлап отырамын. Бірақ неге екені белгісіз, сізді тыңдасам, алаңдамаймын. Сіз үшін өте оңай", - деп түсіндірді Пелагея.
Өз шәкірттерінің өнерінен кейін Дима Билан 60 пайызын Ернар Сәдірбаевқа, ал Ильхам Тағировқа 40 пайызын берді. Ал көрермендер дауысынан кейін Amre жалпы 128,5 пайыз дауыс жинап, финалға шықты. Тагиров болса 71,5 пайыз дауысты қанағат тұтты.
Тағы бір қазақстандық әнші Әлішер Кәрімов финалға шығу үшін ресейлік Татьяна Качуринамен күресті. Олар Александр Градский қайтыс болғаннан кейін тәлімгерсіз қалған болатын.
Әлішер Кәрімов "Я тебя никогда не забуду" әнін орындады (мәтін авторы Андрей Вознесенский, композитор Алексей Рыбников).
"Әлішер, мен батылдық танытып, мастер (Александр Градский) осы жерде болғанда, сізді мақтан тұтар еді деп айтамын. Жүрекпен орындадыңыз", - деді Пелагея көзіне жас алып.
"Әлішер, сізге сөз жоқ. Мен Пелагеямен келісемін, мастер (Александр Градский) сізді мақтан тұтады. Себебі сіз ешқандай ауырлық күшіне бағынбайсыз. Сіз еркін қалықтайсыз. Мүмкіндігіңіз жоғары", - деді Дима Билан.
Финалист көрермендердің дауыс беруі арқылы таңдалды. Нәтижесінде Әлішер Кәрімов 52 пайыз, Татьяна Качурина 48 пайыз жинады. Осылайша, аз ғана басымдықпен қазақстандық әнші шоудың финалына өтті.
Пелагея командасынан финалға қырғызстандық Александр Волкодав өтті. Төртінші финалист Леонид Агутиннің командасындағы Элина Пан болды.
Осылайша, "Ресей дауысы" шоуының финалына Әлішер Кәрімов, Ернар Садырбаев, Александр Волкодав және Элина Пан шықты. Жеңімпаз 30 желтоқсанда анықталады.