Алматы аспанында ерекше құбылыс байқалды

0
197

1 сәуірде таңертең алматылықтар аспанда Күннің қоралануын – күннің айналасында шеңбер тәріздес жарық сәулеленуді көрді.


Алматы аспанында ерекше құбылыс байқалды

Tengrinews.kz оқырманынан

ERNUR.KZ. Алматы тұрғындары аспаннан ерекше құбылыс – Күннің қоралануын байқады, деп жазады tengrinews.kz.

1 сәуірде таңертең алматылықтар аспанда Күннің қоралануын – күннің айналасында шеңбер тәріздес жарық сәулеленуді көрді.

Оқырмандар бұл табиғи құбылыстың суреттерін редакциямыздың Telegram-ботына жіберді.

Бұл құбылыс Жер атмосферасындағы ұсақ мұз кристалдарында жарықтың шашырауынан пайда болады. Аспанда мұз кристалдарынан тұратын биік бұлттар болған жағдайда, күн галоcын көруге мүмкіндік туады.

Сақина түзілуі үшін мұз кристалдары ауада қалқып тұратындай жеңіл болуы керек. Бұл кристалдар атмосфераның суық жоғарғы қабаттарында ылғал тамшыларының қатуы нәтижесінде қалыптасады.