Алматы әуежайы Қытайдан жаңа бағыт бойынша алғашқы рейсті қабылдады

0
162

Бүгінгі күні Алматы қаласымен Қытайдың Бейжің, Шанхай, Гуанчжоу, Сиань, Үрімжі, Құлжа, Ханчжоу және Санья қалаларымен тікелей әуе қатынасы бар.


Алматы әуежайы Қытайдан жаңа бағыт бойынша алғашқы рейсті қабылдады

ERNUR.KZ. Алматы халықаралық әуежайында Air China әуе компаниясының Бейжің — Алматы — Бейжің бағыты бойынша тікелей рейсінің тұсаукесері өтті, деп жазады inform.kz.

Алматы әуежайының мәліметінше, Бейжің — Алматы — Бейжің бағытындағы рейстер апта сайын дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері Boeing 737 ұшағымен орындалады. Ұшу уақыты — 4 сағат 50 минут.

— Біз Алматы халықаралық әуежайында жаңа әуе тасымалдаушы — Air China компаниясын қуана қарсы аламыз. Бейжің — Алматы — Бейжің бағыты бойынша тікелей тұрақты әуе рейсінің ашылуы — Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе қатынастарын нығайтудың маңызды қадам, — деді Алматы халықаралық әуежайының вице-президенті Онур Шатыр.

Бүгінгі күні Алматы қаласымен Қытайдың Бейжің, Шанхай, Гуанчжоу, Сиань, Үрімжі, Құлжа, Ханчжоу және Санья қалаларымен тікелей әуе қатынасы бар.

— 2025 жылдың басынан бері Алматы мен Қытай арасындағы жолаушылар ағыны 230 000 адамнан асты, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 62 %-ға көп, — деп хабарлады Алматы әуежайынан.