Алматы коронавирус бойынша "сары" аймаққа өтті

0
461

Бұған дейін елдегі COVID-19 көрсеткіштерінің артуын ескере отырып, қосымша шараларды қабылдау керектігі туралы шешім қабылдаған болатын.


Алматы коронавирус бойынша

ERNUR.KZ. Алматы коронавирусқа байланысты эпидемиоогиялық жағдай бойынша "сары" аймаққа өтті. Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ербан Байтанаев айтты, деп жазады Stan.kz.

Бұған дейін елдегі COVID-19 көрсеткіштерінің артуын ескере отырып, республика аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия өңірлер эпидемиологиялық қауіп-қатердің “сары” аймағына көшкен жағдайда төмендегі қосымша шараларды қабылдау керектігі туралы шешім қабылдаған:

  • Науқаспен тығыз қарым-қатынаста болғандарды қашықтан жұмыс істеу форматына көшіру;
  • COVID-19-ға қарсы екпе салдыруға болмайтын қызметкерлер мен жүкті әйелдерді қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыру;
  • Жабық жерлер мен қоғамдық көлікте міндетті түрде маска тағу;
  • 10-нан астам адам қатысатын жиналыстарды онлайн форматта өткізуді ұсыну.