2025 жылдың 28 шілдесінде Алматы облысы Іле ауданының Түймебай ауылында құс өнімдерін шығаратын кәсіпорын аумағында ірі өрт шыққан еді.
ERNUR.KZ. Алматы облысындағы құс фабрикасында болған өрт кезінде жұмысшы қаза тапты. Құтқарушылар 19 жастағы жігіттің денесін барлау барысында тапқан, деп жазады baq.kz.
Телеарналардың мәліметінше, марқұм кәсіпорын аумағында жұмыс істеген мердігер ұйымның қызметкері болған. Оның аты-жөні әзірге жарияланбады.
Еске салайық, 2025 жылдың 28 шілдесінде Алматы облысы Іле ауданының Түймебай ауылында құс өнімдерін шығаратын кәсіпорын аумағында ірі өрт шыққан еді. Жалын асханадан басталып, жылдам таралып, үлкен аумақты шарпыған.
Қазір өрттің себептері анықталып жатыр. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде.