Аталған жоба әлі зерттеліп жатыр.
Фото: emcrk.kz
- Біз қазір мобильді жолаушы тасымалы дейтін жобаны көбірек талқылап жатырмыз. Былтыр жыл аяғында біз Оңтүстік Кореяға барған едік. Сол кезде осындай мәселені талқыладық. Әуежайдан Алатау қаласына дейін жолаушыларды тасымалдауға аэромобильдер пайдалану көзделіп отыр. Бұл өзі шу шығармайтын, сутегі тұтынатын, 5 адамға дейін жолаушы сиятын тікұшақ деуге болады. Қазір бұл бағытта Оңтүстік Корея мен АҚШ компаниялары табысты жұмыс істеп жатыр. Қазақстандық компаниялардың бірі осындай жобаны іске асыруға қызығушылық танытты, - деді ол.
Аталған баспасөз мәслихатында Марат Қарабаев қосылған құн салығын көтеру бастамасы мен жанармай бағасының нарыққа берілуі такси бағасына қалай әсер ететіні туралы пікір білдірді.