Алматы облысында 14 жастағы оқушыны зорлаған таэквондо жаттықтырушысы сотталды

0
397

Алматы облысында 14 жастағы шәкіртін зорлаған таэквондо жаттықтырушысы сотталды.


Алматы облысында 14 жастағы оқушыны зорлаған таэквондо жаттықтырушысы сотталды

ERNUR.KZ. Енді азғын жаттықтырушы өмірінің жеті жылын түрмеде өткізетін болады, деп жазады exk.kz.

Үш бала тәрбиелеп отырған жаттықтырушы өзінің кәмелет жасына толмаған шәкірттеріне көзі түсіп, үш қызбен жыныстық қатынаста болған. Кейін қыздар болған оқиғаны ата-аналарына айтып беріп, олар арыз жазған. Алайда тергеу құжаттарында тек бір қызды ғана зорлады деген шешім шығарылып, қалған екі қыздың денесіне қолын жүгірткені туралы айтылады.

Тергеу кезінде де, сот отырысында да бостандықта жүрген жаттықтырушы жәбірленушілердің отбасыларына қоқан-лоқы көрсеткен. Тіпті сот отырысына да келмеген кездері болған. Үкімді тыңдауға оны полиция қызметкерлері күштеп әкелген.

"Алматы облыстық мамандандырылған кәмелет жасына толмағандардың ісі жөніндегі ауданаралық соты үкім шығарды. Жаттықтырушы ҚК 122 бабы 2 бөлімімен (Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау) кінәлі деп танылып, жеті жыл алты айға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді", — деп жауап берді ЭК ресми сауалына Алматы облыстық сотының баспасөз хатшысы Мөлдір Мұхамеджанова.

Азғындық жасаған жаттықтырушы өмір бойына балалармен жұмыс істей алмайды. Ол сот үкімімен келіспей, облыстық сотқа шағым түсірмекші.