Алматы облысында бірнеше ауыл мен округ атауы өзгереді

0
451

Атауын өзгерту туралы шешімді мәслихат қабылдады.


Алматы облысында бірнеше ауыл мен округ атауы өзгереді

ERNUR.KZ. Алматы облысында бірнеше ауыл мен ауылдық округтер атауын өзгерту мақұлданды, деп жазады tengrinews.kz.

Әңгіме Іле, Талғар, Кеген аудандарындағы ауылдар туралы болып отыр. Атауын өзгерту туралы шешімді мәслихат қабылдады. Тиісті қаулыны Алматы облысының әкімі шығарған.

Іле ауданында өзгертілетін атаулар:

  • Энергетический ауылдық округі - Өтеген батыр ауылдық округіне;
  • Энергетический ауылдық округінің Покровка ауылы - Кенен Әзірбаев ауылына;
  • Чапаев ауылдық округі және Чапаев ауылы - Байкент ауылдық округі және Байкент ауылы;
  • Междуреченск ауылдық округі және Междуреченск ауылы - Ақсай ауылдық округі және Ақсай ауылы;
  • Іле ауданы Казцик ауылдық округінің Комсомол ауылы - Іле ауданы Казцик ауылдық округі Жайнақ ауылына;
  • Казцинк ауылдық округі және Іле ауданының Казцинк ауылы - Асқар Тоқпанов ауылдық округі және Іле ауданы Асқар Тоқпанов ауылы.

Кеген ауданында Жалаңаш ауылдық округі және Жалаңаш ауылы тиісінше Жалағаш ауылдық округі және Жалағаш ауылы болып аталмақ.

Сондай-ақ, Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінде Қызыл-Ту-4 ауылы Жібек жолы ауылы болып өзгертілді.

Осы Алматы облыстық мәслихатының бірлескен шешімі мен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, яғни 2024 жылғы 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.