Алматы облысында BMW үйге құлады

0
400

29 жастағы жүргізуші көлікті басқара алмай, жолдан ұшып кеткен.


Алматы облысында BMW үйге құлады

ERNUR.KZ. Алматы облысында BMW X5 көлігі үйдің үстіне құлады, деп жазады tengrinews.kz.

Фото Instagram-дағы almaty_kris_p парақшасында жарияланды.


Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, BMW көлігінің қатысуымен болған жол апаты 24 мамырға қараған түні Іле ауданы, Боралдай ауылында болған.

"Жүргізуші - 29 жастағы жергілікті тұрғын, ол көлікті басқара алмай, жолдан ұшып кетті. Автокөлік жеке тұрғын үй ғимаратының төбесіне түсіп, газ құбырының доғасын зақымдады, сондай-ақ электр сымдары бар бағанды құлатты", - делінген хабарламада.
Жүргізуші жеңіл жарақат алды, ол ауруханаға жатудан бас тартты.
"Құқық бұзушы ҚР ҚК 610-бабы "Көлiк құралын, жолдарды, жол және өзге де құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi зақымдап, материалдық залал келтiруге әкеп соққан көлiк құралы жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуы" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады", - деді полиция өкілі.

Келтірілген шығын әлі есептеліп жатыр.