​Алматы облысында көлік ағалы-інілі екі баланы қағып кетті

0
2 047

Жүргізуші қамауға алынды.


​Алматы облысында көлік ағалы-інілі екі баланы қағып кетті

ERNUR.KZ. Алматы облысындағы Іле ауданының орталығында жаяу жүргіншілер өткелінде балаларды қағып кеткен жүргізуші қамауға алынды, деп жазады ҚазАқпарат.

Оқиға 24 қаңтар күні Өтеген батыр кентінде болған. Жаяу жүргіншілер өткелі арқылы жолдан өтпек болған 11 және 13 жастағы ағалы-інілі екі баланы «HYUNDAI» маркалы шағын жүк көлігі қағып кеткен. Оқиға орнында 11 жастағы бала көз жұмды. Ал түрлі деңгейде жарақат алған 13 жастағы жасөспірім амбулаторлық емдеуге жіберілді.

«Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта 23 жастағы көлік жүргізушісі Іле ауданы полициясының уақытша ұстау оқшаулағышында отыр», - деді Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, көлік апатынан кейін жүргізілген медициналық куәландыру нәтижелері бойынша жол-көлік оқиғасы кезінде жүргізуші алкогольді ішімдік ішкені анықталды.