Марқұм екі жақты пневмониядан көз жұмған.
ERNUR.KZ. 10 шілдеде пневмониядан қаза тапқан Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров сенат депутаттығына 94 үміткердің бірі болған еді, деп жазады Stan.kz.
Сенат депутаттығына кандидаттар ұсыну кезеңінің қорытындысына арналған отырыс барысында Алматы облысы аумақтық сайлау комиссиясының өкілі сенат депутаттығына кандидаттардың бірі қаза болғанын хабарлады.
Оныншы шілдеде Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров екі жақты пневмониядан көз жұмғанын мәлімдеді.
Сондай-ақ, коронавирустан Алматы облысы Текелі қалалық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Бәкен Жаманқұлов көз жұмды.
Бұған дейін орталық сайлау комиссиясының басшысы Берік Имашев сенат депутаттығына кандидат ретінде 94 адам ұсынылғанын айтты. Серікжан Бескемпіров олардың қатарында болған. Ол ОСК-да тіркелді. Тіркеудің күшін жою кейбір құқықтық рәсімдерді талап етеді.