Қатты соққыдан автокөлік екі бөлікке бөлініп кеткен.
ERNUR.KZ. Жол апатынан кәмелет жасқа толмаған 2 бала қаза тапты. Жол-көлік оқиғасы Еңбекшіқазақ ауданында болған. Қаракемір-Бәйдібек би автожолында 30 жастағы әйел басқарған "Mitsubishi Space Wagon" көлігі жол жиегінен шығып кетіп, ағашқа соғылған, деп жазады inbusiness.kz.
"Қатты соққыдан автокөлік екі бөлікке бөлініп кетті. Жол апатынан кәмелет жасқа толмаған 2 бала қаза тапты. Жүргізуші мен 3 жасар бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Аталған жол көлік оқиғасы дерегі бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада.