Алматы облысында жол апатынан жүргізуші көз жұмды

0
813

Екінші көліктің 20 жастағы жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.


Алматы облысында жол апатынан жүргізуші көз жұмды

ERNUR.KZ. Алматы облысында Toyota Camry мен Mitsubishi Galant бетпе-бет соқтығысты. Оқиға орнында бір жүргізуші қаза тапты, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Облыстық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, жол апаты Алматы – Бішкек тас жолының 26-шы шақырымында болған.

Toyota Camry-дің 31 жастағы жүргізушісі жол бөліп тұрған гүлзарды басып өтіп, қарсы жолаққа шығып кеткен. Дәл алдынан Mitsubishi Galant шыққан.
"Toyota Camry жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Ал екінші көліктің 20 жастағы жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді", - дейді полицейлер.
Қазір қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалды.