Алматы облысында жүк пойызы мен жеңіл көлік соқтығысты

0
136

Оқиға Алматы-1 – Сарыөзек теміржол станциясының өткелінде болды.


Алматы облысында жүк пойызы мен жеңіл көлік соқтығысты

ERNUR.KZ. Алматы-1 – Сарыөзек теміржол өткелінде жүк пойызы рельске шығып кеткен жеңіл көлікті қағып кетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Жол-көлік оқиғасы 17 наурыз күні таңғы сағат 4 шамасында Алматы-1 – Сарыөзек теміржол станциясының өткелінде болды.

Көлік жүргізушісі, тосқауыл жабылғанына қарамастан, оны айналып өтіп, рельске шығып кеткен. Ал осы кезде жүк пойызы жолда келе жатқан. Машинист шұғыл тежеуді қолданғанмен, көліктің артқы жағын соғып кетті.

«Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Жолдың және өткел инфрақұрылымының зақымдануы тіркелген жоқ. Локомотивте зақым табылды – автоқосу тұтқасы бүгіліп қалған», - деп хабарлады ҚТЖ.
Пойыз 20 минуттық кідірістен кейін жолын ары қарай жалғастырды. Жол-көлік оқиғасы туралы ақпарат полицейлерге берілді.