Бүгінгі таңда лагерьде 400 бала демалып жатыр.
ERNUR.KZ. Жамбыл ауданындағы "Тay-land" жазғы сауықтыру лагері жанжалдың ортасында қалды. Прокуратура мен СЭС қызметкерлерінің жоспардан тыс тексеру барысында бірқатар заң бұзушылықтар анықталды, деп жазады zakon.kz.
Бүгінгі таңда лагерьде 400 бала демалып жатыр. Тексеру барысында норма бойынша 4-6 баладан аспауы тиіс болғанымен, бөлмелерге 8-10 бала орналастырылғаны анықталды. Бірақ демалыс орнының ғимараттары, асхана және басқа да шаруашылық құрылыстары күрделі жөндеуді қажет етеді.
"Тексеру барысында балаларды орналастыру және дезинфекциялау режимін бұзуға қатысты заңбұзушылықтар анықталды. Тексеру нәтижесінде материалдар шешім қабылдау үшін прокуратураға жолданды", - деп хабарлайды Алматы облысының ДСЭК баспасөз қызметі.
Санитарлық дәрігерлер лагерь асханасынан ыдыс-аяқтың үлгілерін алды. Тест нәтижелері кейінірек жарияланады.
Бұған дейін ата-аналар Алматы облысындағы "Бәйтерек" балалар лагеріндегі жағдайдың нашарлығына шағымданған болатын. Прокуратура ол жерде бірқатар заңбұзушылықтарды, соның ішінде мас директорды анықтады.