Алматы облысының 30-ға жуық дәрігері карантин кезінде той тойлаған (видео)

0
652

Олар бас дәрігердің зейнетке шыққанын атап өтіпті.


Алматы облысының 30-ға жуық дәрігері карантин кезінде той тойлаған (видео)
ERNUR.KZ. 29 шілде күні Алматы облысы Іле аудандық орталық ауруханасының 30-ға жуық дәрігері мейрамханада той тойлап жатқан жерінен құқық қорғау қызметкерлеріне ұсталды, деп жазады Azattyq Rýhy.


Құлжа тасжолы бойында орналасқан «Айлина» мейрамханасында Іле аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Майра Егембердиева бастаған ақ халаттылар қызметтік көлікте бетпердесіз отырған.

Болжам бойынша, медициналық қызметкерлер аурухананың бас дәрігері Егембердиеваның зейнетке шығуын тойлап жатқан.

Олардың жиналып отырғанын құқық қорғау қызметкерлері тұрғындардың шағымынан кейін білген. Интернетте тарап кеткен видеоматериалда мейрамхана ішінде түнгі сағат 22:00-ден кейін 32 адамға арналған мерекелік дастархан жайылып тұрғаны айтылады. Заң қызметкерлерінің келгенін білген қонақтар мекеме ішіндегі бөлмелердің біріне жасырынып, ұзақ уақытқа дейін есікті ашпай тұрған. Үлгергендері көшеге қашып, такси ұстап, оқиға орнынан іздерін суытпақ болған.




«Аталған факт Алматы қаласында болғандықтан қазіргі таңда тексерісті қалалық ІІБ мен СЭҚ қызметкерлері жүргізіп жатыр», - деді облыстық Полиция департамтентінің баспасөз хатшысы Ақбота Қуанышбек.


«Іле аудандық ауруханасының дәрігерлері бүгінгі таңда қызметтерін жалғастырып жатыр ма?» деген сұраққа Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасына жауап берді.


«Аталған факт бойынша тексерісті Алматы қалалық Полиция департаменті жүргізіп жатыр. Біздің тарапымыздан да қызметтік тексеріс жүргізілген соң, тиісті шаралар қолданылады. Ал, дәрігерлердің қазіргі таңда жұмыстарын жалғастырып жатқаны туралы ақпарат жоқ», - деді баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірова.