Алматы облысының әкімі аурухананың бір бөлімінде жалғыз өзі жатқаны рас па?

0
965

Әлеуметтік желілерді аймақ басшысы бір палатада жалғыз өзі жатыр деген ақпарат тараған.


Алматы облысының әкімі аурухананың бір бөлімінде жалғыз өзі жатқаны рас па?

ERNUR.KZ. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов көпбейінді аурухананың бір бөлімінде жалғыз өзі жатыр деген ақпаратқа байланысты әкімдік түсініктеме берді, деп жазады Stan.kz.

Әлеуметтік желілерді аймақ басшысы бір палатада жалғыз өзі жатыр деген ақпарат таралыпты.

"Баталов Талдықорған қаласында орналасқан көпсалалы ауруханада жатыр. Және ол сол блогта жалғыз жатыр. Соның салдарынан қарапайым науқастарды аудандарға жіберуде. Ол жерге тек бас дәрігер ғана кіріп-шыға алады", - делінген желіде таралған жазбада.

Бұл хабарламаға қатысты әкімнің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел пікір білдірді.

"Амандық Баталовтың Талдықорғандағы көпсалалы ауруханада жатқаны рас. Бірақ ол жалғыз өзі бір бөлімде жатыр деген ақпарат жалған. Ол кісімен бірге бір бөлмеде 11 адам ем алып жатыр. Олардың арасы арнайы жабдықпен бөлінген", - дейді баспасөз хатшысы.

Еске салайық, бұған дейін облысы әкімі коронавирус жұқтырғаны айтылған еді.