Алматы облысының фермері жылқыларын тауып берген полицейлерге алғысын білдірді

0
1 287

Жайылымынан өте қашық кеткен жылқылар толығымен табылып, иесіне қайтарылды.


Алматы облысының фермері жылқыларын тауып берген полицейлерге алғысын білдірді

ERNUR.KZ. Алматы облысы Ақсу ауданының тұрғыны 26 жылқысын тауып берген тәртіп сақшыларына әлеуметтік желі арқылы ризашылығын білдіріп, алғыс айтты, деп жазады Zakon.kz.

"10 маусым күні аудандық полиция бөлімшесіне бірнеше күн бұрын жайылымдағы жылқысын таба алмай жүрген жеке шаруа қожалығының иесі арыз берген. Тәртіп сақшылары тарапынан ұйымдастырылған жедел-іздестіру шаралары барысында өте шалғай қашықтыққа кеткен жылқылар толығымен табылып, иесіне қайтарылды",- деп хабарлап отыр Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Шаруа қожалығының иесі бір топ жылқысынан көз жазып қалып, таба алмаған соң тәртіп сақшыларының көмегіне жүгінгенін айтып отыр.

"26 жылқымды таба алмаған соң Ақсу ауданының полициясына харарластым. Сол тәртіп сақшыларының көмегімен малым аман-есен табылды. Оларға мың да бір рахмет", - делінген Сағабүйен ауылының тұрғыны Әбен Шөмшеков таратқан бейнежазбада.

Полиция таратқан ақпаратқа сәйкес, облыста мал ұрлығының алдын алу, ұрылар қолды қылған малды іздестіріп, оларды иелеріне қайтару бойынша шаралар тұрақты түрде жүзеге асырылады. "Мал ұрлығы" жедел алдын алу іс-шарасы барымташылардың жымысқы әрекеттерін болдырмауға бағытталған шаралардың бірі. Тәртіп сақшылары аймақта соңғы үш айға жуық мерзім ішінде шамамен 300 бас малды тауып, заңды иелеріне қайтарған.