Алматы облысының полицейлері алты өңірде іздеуде жүрген ер адамды ұстады

0
879

Үштөбе қаласының 25 жастағы тумасына сегіз қылмыс бойынша іздеу жариялаған.


Алматы облысының полицейлері алты өңірде іздеуде жүрген ер адамды ұстады

ERNUR.KZ. Алматы облысы Қаратал ауданының полицейлері Қазақстанның бірнеше облыстарымен мемлекетаралық іздеуде жүрген азаматты ұстады, деп жазады ҚазАқпарат.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2018 жылдың 28 желтоқсанында Қарағанды облысының Оңтүстік-шығыс полиция бөлімі Үштөбе қаласының 25 жастағы тумасына бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін іздеу жариялаған. Күдікті қаладан қашып, өзінің криминалды іздерін қалдыра отырып алаяқтық «гастрольдерін» әрмен қарай жалғастыра берген. Осылайша, азамат сегіз қылмыс бойынша, Қазақстанның алты аймағында құқық қорғау органдарына танымал болған. Олардың қатарында, Алматы қаласының Алмалы, Бостандық, Медеу аудандары, Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр және Алматы аудандары, сонымен қатар Ақмола, Павлодар және Алматы облыстары бар.

«Келіп түскен ақпаратты тексере отырып, біз күдіктіні құрықтадық. Іздеудегі азаматқа бірнеше сот тұтқындауға санкция бергені ескеріле отырып, күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды. Енді оған айдауылмен негізді қылмыс жасады деп күдіктелген жерлерге «гастрольдерін« жалғастыруына тура келеді», - деді Қаратал АПБ криминалдық полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі полиция капитаны А. Б. Асылханов.