Алматы полициясы әскери қызметкердің атын жамылған алаяқтар жайлы түсініктеме берді

0
451

Алматыда осыған ұқсас 10-нан астам оқиға тіркелді.


Алматы полициясы әскери қызметкердің атын жамылған алаяқтар жайлы түсініктеме берді

ERNUR.KZ. Алматы полициясы әскери қызметкердің атын жамылған алаяқтар туралы түсініктеме берді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұрын хабарланғандай, кей алаяқтар әскери қызметшінің жеке басын куәландыратын және ресми құжаттарын пайдаланып жүрген.

«Қаскүнемдер қоғамға қолжетімді болған құжаттарды пайдаланып, өзгенің атын жамылып, басқа аймаққа шұғыл көшетінін желеу етіп, тұрмыстық заттарын “сатқан”. Алматыда осыған ұқсас 10-нан астам оқиға тіркелді. Бұл ақпаратты алаяқтар сол деректерді пайдалана отырып, өзгелерді алдауы мүмкін екенін халыққа ескерту мақсатында жария еттік. Азаматтарды қырағы және сақ болуға шақырамыз», – деді Наурызбай аудандық Полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев.

Сондай-ақ полиция бүгінгі күні алаяқтар өздерінің қылмыстық жоспарын жүзеге асыру үшін көбінесе ІІМ мен басқа да құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің атын жамылатынын айтып өтті.