Алматы тауларында адасқан туристер аман-есен табылды

0
93

Құтқарушылар тобы «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты арқылы «Шымбұлақ» өзеніне қарай қозғалып, туристерді тауып, қауіпсіз жерге жеткізді.


Алматы тауларында адасқан туристер аман-есен табылды

ERNUR.KZ. Алматы тауларында Төтенше жағдайлар министрлігінің Құтқару қызметі Башут шыңынан түсу кезінде адасып кеткен туристер тобын аман-есен тапты, деп жазады baq.kz.

Төрт адам бағытынан жаңылып, өз бетінше жол таба алмаған. Қараңғы уақытта олардың барлығының қара киімде болғаны іздестіруді қиындатқан.

Құтқарушылар тобы «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты арқылы «Шымбұлақ» өзеніне қарай қозғалып, туристерді тауып, қауіпсіз жерге жеткізді.