Алматы тауларында үш жасөспірім адасып кетті

0
1 110

Олар Құмбел шыңынан табылды.


Алматы тауларында үш жасөспірім адасып кетті

ERNUR.KZ. 15 тамызда үш жасөспірім таңертең тауға шығып, сағат 18.30-да ата-аналарына төмен түсіп бара жатқанын хабарлаған, содан кейін телефон байланысы өшіп қалған, деп жазады Inbusiness.kz.

Сағат 00.15-те ТЖМ құтқарушыларына жас жігіттердің бірінің әкесі қоңырау шалды.

Туристер тобын іздеуге ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы шықты. Сағат 4:35-те жасөспірімдер тобының бірі әкесіне адасқандары туралы хабарлама жазып, геолокацияны жіберді. Іздеуге туыстары қосылды. Сағат 08:25-те ТЖМ құтқарушылары Күмбел шыңынан балаларды аман-есен тауып алды. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ. Жасөспірімдердің бірінің әкесі құтқарушыларға жұмысы үшін алғысын білдірді.

"Тауға бір күнге болса да баратын туристерге ТЖМ құтқарушылары таулардағы қауіпсіз жүріс-тұрыс шараларын мұқият зерделеуді ұсынады: тауға жалғыз бармаңыз, туыстарыңыз бен жақындарыңызға маршрутыңыз бен қайту уақытыңыз туралы ескертуді ұмытпаңыз. Ыңғайлы киім мен аяқ киім таңдаңыз. Өзіңізбен бірге алып жүру керек нәрселердің ішінде: жылы заттар, ұялы телефонға арналған қосымша қуат көзі, су өткізбейтін пакетте фонарь мен сіріңке болуы керек. Сондай-ақ, өзіңізбен бірге GPS навигаторы болған жөн", делінген ТЖМ хабарламасында.