Құтқарушылар зардап шеккен жасөспірімді ауыр жағдайда тапты.
фото: видео кадры
ERNUR.KZ. Алматы тауларында оқыс оқиға болды. Тауға шыққан жасөспірімдердің бірі Хрищатый шыңына шыққан кезде биіктен құлап, ауыр жарақат алды, деп жазады tengritravel.kz.
Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне оқиға туралы хабарлама сағат 11:55-те түскен. Оқиға орнында зардап шеккен адамның үш досы болған, олардың жасы алдын ала деректер бойынша 15-17 жас аралығында. Олар өздерінің досының биіктен құлап кеткенін және құтқарушылардың шұғыл көмегі қажет екенін айтқан. Жасөспірімдердің жеке мәліметтері жарияланбайды.
"Сағат 12:00-де КСП "Тұйықсу" базасынан құтқарушылар экипажы (жеке құрамнан 4 адам, 1 техника) жолға шықты. Экипаждың аға басшысы – А-95. Сағат 13:20-да Хрищатый шыңына қосымша құтқарушылар экипажы Байзақов көшесі, 300 мекенжайынан (жеке құрамнан 5 адам, 1 техника) жолға шықты. Экипаждың аға басшысы – А-137. Сағат 14:38-де А-95 байланысқа шығып, зардап шеккенді Шымбұлаққа түсіру жұмыстары басталғанын хабарлады", – делінген ведомство хабарламасында.
Құтқарушылар зардап шеккен жасөспірімді ауыр жағдайда тапты. Шамамен 15:30-да құтқарушылар Республикалық жедел-құтқару жасағының (РЖҚЖ) қызметкерлерімен кездесіп, зардап шеккенді бірлесіп түсіруді жалғастырды. Жасөспірім төменге жеткізілді, оған қажетті медициналық көмек көрсетілген.