Алматыда 12 жастағы қыз бала 13-қабаттан құлап, көз жұмды

0
412

Алматы полиция департаментінде қыз баланың көз жұмғаны расталды.


Алматыда 12 жастағы қыз бала 13-қабаттан құлап, көз жұмды

ERNUR.KZ. Алматыда 12 жастағы қыз баланың 13-қабаттан құлап, көз жұмғаны туралы ақпарат тарап жатыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Белгілі болғандай, қыз бала қосымша тапсырмаларын орындау үшін үйінен шығып кеткен, бірақ қосымшаға барудың орнына 13-қабатқа көтерілген.

Алматы полиция департаментінде қыз баланың көз жұмғаны расталды.

«Бұл факт бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Себеп пен мән-жайлар белгіленеді», - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, полицейлер қайтыс болған қыз баланың қауіпті «Көк кит» ойынын ойнағаны туралы интернетте таратылған ақпарат шындыққа жанаспайтынын атап өтті.

«Әлеуметтік желіде қайтыс болған баланың қауіпті ойындар ойнағаны және өзіне-өзі қол жұмсау туралы жазба қалдырғаны ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Алматы қаласының полиция департаменті жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді және ресми дереккөздерден алынған деректерді басшылыққа алуға шақырады», - деді баспасөз қызметі.