Алматыда 17 жастағы спорт шебері нашақор болып кеткен

0
451

Алматы республикалық психиатриялық сауықтыру орталығында ресми түрде нашақор деп танылған 100-ден астам бала емделіп жатыр.


Алматыда 17 жастағы спорт шебері нашақор болып кеткен

ERNUR.KZ. Тағы 150-ге жуық жасөспірім тіркелген, деп жазады tengrinews.kz.

Емделушілердің бірі - дзюдодан спорт шебері, 17 жаста. Ол екі айдан бері дәрі-дәрмек ішіп, емделіп жатыр. Есірткіні алғаш рет 16 жасында, сүйген қызымен ажырасқаннан кейін қолданған.

"Күні-түні үйде болмайтынмын, кіреберісте екі күндеп отыра беретінмін. Ұйықтамай, тамақ ішпей. Қолданғанда (есірткі - еск.) ең ұзақ үйде болмағаным тоғыз күн болды. Тоғыз күнде 17 келі тастадым. Тамақ ішпедім, ұйықтамадым. Үнемі кіреберісте болдым. Ата-анам: "Болды, Данил, тыныштал" деп айтып кететін", - деді Данил.
Мамандардың айтуынша, нашақорлар саны жыл санап артып келеді.
"Біз психотроптық заттардың жаңа класына жатқызатын есірткіні қолданатындар саны артып барады", - дейді психиатр-нарколог Гүлмира Сәдуақасова.