Мәліметке сүйенсек, ер адамның мәйіті 20 наурыз күні табылды.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Алматы қаласында Әл-Фараби даңғылы бойындағы көпір астынан, Президент саябағы маңынан ер адамның мәйіті табылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Желідегі мәліметке сүйенсек, ер адамның мәйіті 20 наурыз күні табылды.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел қызмет өкілдері жетті. Қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу үшін аумақ қоршауға алынды.
«Бостандық аудандық полиция басқармасы аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады», – делінген Полиция департаментінің агенттік тілшісіне берген пікірінде.


