Соқтығысу салдарынан автобус жолаушысы зардап шекті: 1966 жылы туған әйел.
Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
ERNUR.KZ. 2025 жылғы 11 желтоқсан күні Алматыдағы Достық даңғылында қоғамдық көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды, деп жазады zakon.kz.
Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты Медеу ауданында сағат 11:50-де болған.
"65-маршруттың автобус жүргізушісі Достық даңғылымен оңтүстік бағытта келе жатып, аялдама кешенінде жолаушыларды отырғызу және түсіру жұмыстарын жүргізіп тұрған троллейбусқа соқтығысуға жол берді".Алматы ПД баспасөз қызметі
Соқтығысу салдарынан автобус жолаушысы зардап шекті: 1966 жылы туған әйел.
Оқиға орнынан әлеуметтік желілерде жарияланған фотосуретке сәйкес, автобустың алдыңғы жағына қатты зақым келген көрінеді. Троллейбустың артқы терезесі толығымен сынған.


