Алматыда бір отбасынан үш бала белгісіз жағдайда жоғалып кетті

0
394

Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады.


Алматыда бір отбасынан үш бала белгісіз жағдайда жоғалып кетті

ERNUR.KZ. Алматыда бір отбасының үш баласы белгісіз жағдайда жоғалып кетті, деп жазады ulysmedia.kz.

Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Балалар 25 қазанда таңертең сағат 10:00 шамасында жоғалып кеткені хабарланды. Соңғы рет оларды Алматыдағы "Думан" ықшамауданында көргендер бары айтылды. Бірақ балалар Алматы облысының Талғар ауданына қарасты көршілес Бесағаш ауылында тұрады.

Жоғалған балалардың әкесі Жанболаттың айтуынша, Арман, Иманғали және Ақеркені соңғы рет Думан ықшамауданындағы дүкеннен бәліш сатып алып тұрған жерінде байқағандар бар. Содан бері оларды ешкім көрмеген. Ақерке қызыл күртеше киген, ал ұлдар қара түсті. Олардың телефоны жоқ.

Алматы облысының полицейлері ақпаратты растады.