Алматыда блок-бекеттердің орнына эко-бекеттер орнатылады

0
1 023

Алматы жасыл экономика департаментінің басшысы Наталья Ливинская бірнеше жобалардың іске асырылатынын айтып берді.


Алматыда блок-бекеттердің орнына эко-бекеттер орнатылады

ERNUR.KZ. Алматы қаласында бірнеше экологиялық жобалар жүзеге асырылатын болады, деп жазады Stan.kz.

Алматы жасыл экономика департаментінің басшысы Наталья Ливинская бірнеше жобалардың іске асырылатынын айтып берді. Оның ішінде велосипед жолдарын (жолақ) - 28 км, газ шығарындыларын өлшеу үшін өткізу пункттерінде және жылжымалы зертханаларда экологиялық посттарды іске қосу, қоғамдық көліктерге бөлінген жолақтардың ұлғаюы, автомобиль майларын, шиналарын, қосалқы бөлшектерін қызмет көрсету станциялары мен май ауыстыру пункттерінде пайдалану сынды жобалар бар.


"Университеттерде, мектептерде, бизнес орталықтарда, кеңселерде, мемлекеттік органдарда экобоксты орнату. Қағаз, пластик қалдықтары мен шыны ыдыстарды жинау пункттерін ұйымдастыру, оған қоса, экологиялық бірлестіктер, ғалымдар, қызығушылық танытқан тұрғындардан тұратын жұмыс тобы құрылды", - деді ол.


Ол эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғаннан кейін қоғамдық және арнайы көліктерден басқа барлық көлік түрлеріне арналған жолдар жабылатын уақытша жаяу жүргіншілер аймақтары іске қосылатынын атап өтті. Қала 2025 жылға қарай айтарлықтай тазарады деп күтілуде.