Алматыда былтыр қыста із-түзсіз жоғалған ер адам өлі табылды

0
99

Коломыцев Павел Михайлович 2025 жылғы 13 желтоқсанда жоғалып кеткен.


Алматыда былтыр қыста із-түзсіз жоғалған ер адам өлі табылды

фото: instagram/volontery_almaty_lider.kz

ERNUR.KZ. Алматыда былтыр қыста із-түзсіз жоғалған ер адам өлі табылды, деп жазады tengrinews.kz.

Коломыцев Павел Михайлович 2025 жылғы 13 желтоқсанда жоғалып кеткен. Сол күні сағат 15:30 шамасында ол соңғы рет байланысқа шығып, содан кейін хабар-ошарсыз кеткен. Полиция мәліметінше, ер адамның телефоны Қызылорда маңындағы Талсуат ауылында сөнген.

Белгілері: бойы 160 сантиметр, басы таз, арық денелі, көзі қоңыр, екі қолында да үлкен татуировка болған.

Үстінде қара түсті күртеше, қара шалбар, қара кроссовки және тоқыма бас киім болған. Сондай-ақ, қасқыр тісі тағылған кулон мен сұр түсті чемодан болған.

Еріктілердің мәліметінше, ол 2026 жылғы 30 наурызда өлі табылған.