Басқарма бұл екпелер ешкімге салынбаған деп сендірді.
ERNUR.KZ. Алматыда Covid-19 вакциналары жұмыс жасамайтын мұздатқышта сақталған. Оқиға №27 емханада болған, деп жазады Stan.kz.
Ақпаратты қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы растады.
"6 қыркүйек күні, таңертеңгі тексеру кезінде вакцинаны сақтауға арналған мұздатқыштағы температура 0°С екені анықталды. Тексеру барысында ұзартқыш кабельдің зақымданғаны белгілі болды. Мұздатқышта ол уақытта бірінші компоненттің 650 дозасы және екінші компоненттің 565 дозасы болған. Акт толтырылып, вакцинаның барлық дозалары айналымнан алынды", – деді Алматы қаласының әлеуметтік даму басқармасы.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне тиісті хабарлама жіберілгенін атап өтті.
"Кінәлі адамдар жұмыстан шеттетілді. Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мен ДСЭК вакцинация пункттерінің суық тізбекке сәйкестігін күн сайын тексереді", – деп қосты қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.
Басқарма сонымен қатар жұмыс істемейтін мұздатқыштарда "Спутник V" вакцинасы сақталғанын айтты. Бұл екпелер ешкімге салынбаған деп сендірді.