Алматыда дезинфекциялық жұмыстар қайта басталды

0
575

15 қазан күні Алматыда карантин талаптарына қатысты жаңа қаулы шыққан болатын.


Алматыда дезинфекциялық жұмыстар қайта басталды

ERNUR.KZ. Алматыда көпқабатты тұрғын үйлердің кіреберістері мен ойын алаңдарында дезинфекция жұмыстары қайта басталады, деп жазады ҚазАқпарат.

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, қалалық тұрғын үй саясаты басқармасы көппәтерлі үйлердің кіреберістері мен балалар алаңдарын аптасына 1 рет профилактикалық зарарсыздандыру жұмыстарын қайта бастады. Сонымен қатар,коронавирус инфекциямен ауыру жағдайы тіркелген жағдайда тұрғын үйлердің кіреберістеріне қорытынды түрінде бір рет зарарсыздандыру жүргізіледі. Тұрғын үйлердің кіреберістеріне профилактикалық мақсатта жиілікпен аптасына 1 рет зарарсыздандыру жүргізіледі.

Айта кетейік, 15 қазан күні Алматыда карантин талаптарына қатысты жаңа қаулы шыққан болатын. Онда қалада бұқаралық іс-шараларға тыйым салу сақталатыны жазылған.