Күдіктінің үш баласы бар екен, оның біреуі – ерекше бала.
Фото: depositphotos.com
ERNUR.KZ. Алматыда енесін зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп жазады stan.kz.
Полиция 65 жастағы әйелге қатысты жыныстық зорлық-зомбылық болуы мүмкін деген істі тергеп жатыр.
17 тамызда күйеу баласы шай ішемін деген сылтаумен енесінің үйіне барған. Отбасы ер адам оның дәрменсіз жағдайын пайдаланып, жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткенін айтады.
Отбасы сол күні полицияға хабарласқан. Бұған дейін жәбірленушінің сараптама қорытындысындағы қателіктерге байланысты бірнеше күн бойы сот-медициналық сараптама тағайындалмаған.
Күдіктінің үш баласы бар екен, оның біреуі – ерекше бала.
Алматы полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полиция оның әрекеттері тергеуден кейін заңды түрде бағаланатынын қосты.


