Жол апаты салдарынан бір адам зардап шекті.
Сурет: Zakon.kz
ERNUR.KZ. Бүгін, 2026 жылғы 13 наурызда Алматыда Жандосов пен Әуезов көшелерінің қиылысында автобус қатысқан жаппай жол-көлік оқиғасы (ЖКО) болды, деп жазады zakon.kz.
Оқиға орнынан түсірілген кадрларды куәгерлер әлеуметтік желілерде жариялады.
Автобус жүргізушісінің айтуынша, оның тежегіші істен шыққан, алайда ЖКО қатысушылары басқаша пікірде.
Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, апат сағат 15:20 шамасында болған.
"Автобус жүргізушісі Жандосов көшесімен шығыс бағытта келе жатып, арақашықтықты сақтамағандықтан алдында келе жатқан бес автокөлікпен соқтығысқан", – деп хабарлады Алматы қалалық ПД өкілдері.
Жол апаты салдарынан бір адам зардап шекті.


