Желіде тараған видеоға оқырмандар түрлі пікір жазып қалдырған.
ERNUR.KZ. Алматы көшелерінде карьерлер шеру өткізді. Видео Instagram парақшаларында жарияланды, деп жазады Tengrinews.kz.
Желіде тараған видеолардан тамақ жеткізу компаниялары қызметкерлерінің киімін байқауға болады.
"Бүгін Алматыда барлық жеткізу қызметінің курьерлері "Яндекс.Еда" сервисінде жұмыс істеп, наурыздың соңында апаттан кейін ауруханада қайтыс болған әріптесін еске алу үшін мопедтермен аза тұту шеруін өткізді", - делінген сипаттамада.
Желі қолданушылары видеоға қатысты пікір білдірген:
"Жарайсыңдар. Иманды болсын. Тек қатты жүрмеңдер - бәріңді отбасың күтіп отыр",
"Жатқан жері жайлы болсын",
"Қаза болған "Яндекс.Еда" курьерін аза тұту шеруі"
"Ереже бойынша көлік жүргізіп, мұқият болыңыздар. 5-10 минутқа кешігіп келсеңдер, клиент аштан өлмейді. Иманды болсын".
Еске сала кетейік, 28 наурызда Алматыда мопед мінген курьер қызыл түстен өтіп, Toyota-мен соқтығысқан болатын. Апаттың видеосы әлеуметтік желілерде тараған. Апат салдарынан мопедтің жүргізушісі мен жолаушысы жарақат алған. 1 сәуірде жолаушы ауруханада қайтыс болғаны хабарланған.