Қазақстанға салқын ауа массаларының келуіне байланысты республиканың басым бөлігінде ауа температурасы төмендеді.
ERNUR.KZ. Алматыда 2009 жылдан бері болмаған ауа температурасы тіркелді. Бүгін, 3 қыркүйекте Алматыда +5,8 градус тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидромет" кәсіпорнының инженер-синоптигіне сілтеме жасап.
Маманның айтуынша, Қазақстанға салқын ауа массаларының келуіне байланысты республиканың басым бөлігінде ауа температурасы төмендеді.
"Елімідің солтүстік өңірлерінде -2 градусқа дейін ауа температурасы төмендеген. Ол ауа массалары оңтүстік өңірлерге де келіп жетті. Сондықтан Алматыда 5,8 градус жылы ауа райы тіркелді. Жамбыл облысында -1 градусқа дейін төмендеді, Түркістан мен Қызылорда облыстарында ауа температурасы 6 градусқа дейін төмендеді. Бірақ алдағы күндері күн жылиды. Бүгін түнгі уақытта да Алматыда салқын ауа райы сақталады: күндіз 5-7 градус, ал сейсенбіде күндізгі уақытта ауа температурасы 20-22 градусқа дейін жоғарылайды", - деді инженер-синоптик.