28 шілдеде полиция Игорь Дужновтың үйінің периметрін қоршауға алды. Оған ешкімді жақындатпады. Оқиға орнынан атыс қаруының табылуына байланысты полицейлер осындай шараларға барған.
ERNUR.KZ. Сот орындаушылары Игорь Дужновтың үйіне кіріп, көшіру процесін бастады, деп жазады zakon.kz.
28 шілдеде полиция Игорь Дужновтың үйінің периметрін қоршауға алды. Оған ешкімді жақындатпады. Оқиға орнынан атыс қаруының табылуына байланысты полицейлер осындай шараларға барған.
Үйдің босатылғанына қарамастан, процесс бірнеше күнге созылуы мүмкін.
27 шілдеде Алматы қалалық соты Анаида Демирчян 2017 жылдың сәуірінде ХСҚ мен банк арасында жасалған тыйым салынған мүлікті сату туралы келісім-шартты жарамсыз деп тану туралы талап-арыз бергенін хабарлады.
Сонымен қатар мәміленің жарамсыздығы салдарын қолдануды, Алатау шағынауданындағы жер учаскесі бар тұрғын емес үй-жайға меншік құқығын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің күшін жоюды сұрады.
Сот банктің аукционға қатысуына тыйым салатын заң нормасының аукционнан әлдеқайда кеш енгізілгенін атап өтті. Кепілге қойылған мүлікті сату бойынша сауда-саттық өзгерістер енгізілгенге дейін үш жылдан астам уақыт бұрын, 2017 жылдың 18 сәуірінде өтті.
Тиісінше, бірінші сатыдағы сот аукцион өткізу кезінде банктің қатысуына заңмен тыйым салынбағанын ескерді.